М. Әшімбаев Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесті

senate.parlam.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті, деп хабарлайды 24KZ.

Онда тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев биыл Қазақстанда болған алапат су тасқыны кезінде бауырлас Түркия елінің гуманитарлық көмек жіберіп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.