Қ.Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президентін құттықтады
![Қ.Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президентін құттықтады](/media/k2/items/cache/8d1977642e73cec1ef0337fb68b69b51_XL.jpg?t=20240706_062247)
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иран Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианға құттықтау жеделхатын жолдап, иран халқының игілігі мен кемел келешегі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.