Президенттер Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндеріне арналған концертті тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндеріне арналған салтанатты концертті тамашалады.
«Кохи Борбад» сарайында өткен гала-концертте қос елдің өнер майталмандары, соның ішінде Astana Ballet балет труппасы мен симфониялық оркестрі, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының хоры өнер көрсетті. Сахнада қос халықтың танымал музыкалық шығармалары мен әлемдік классика репертуарынан үзінділер орындалды. Сондай-ақ кеште Димаш Құдайберген, Айгүл Үлкенбаева сияқты мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті. Қазақстанның мәдениет күндері аясында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында бірқатар маңызды іс-шара өтеді. Осы аптада Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында қазақтың бас ақыны, хәкім Абай Құнанбайұлының ескерткіш-бюсті ашылды.