Қазақстан халықаралық құрылымдарда белсенді рөл атқаруда – саясаттанушы
Бүгін – Халықаралық бейбітшілік күні. Қазір әлемдегі геосаяси қақтығыстар кезінде бұл күннің маңызы жоғары.
«Әлемдік қауіпсіздікті нығайтуда Қазақстан да маңызды рөл атқарады. Біздің ел үнемі бейбітшілік платформасын ұсынып жүр», - дейді Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының меңгерушісі Жанат Момынқұлов.
«Қазақстан Сирия мәселелері, Иран бойынша келіссөздер, Әзербайжан мен Армения арасындағы жағдайды реттеуге белсенді араласып келеді», - дейді саясаттанушы.
Жанат Момынқұлов, ЕҰУ саясаттану кафедрасы менгерушісі м.а.:
- Халықаралық платформаларда, құрылымдарда Қазақстан белсенді рөл атқаруда.