Қ.Тоқаев Сербия президентіне Алматы апортын сыйға тартты
![Қ.Тоқаев Сербия президентіне Алматы апортын сыйға тартты](/media/k2/items/cache/2d11217e55ab7d3b06138e1e83da3290_XL.jpg?t=20241119_080719)
Александр Вучич Белградқа ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты ықыласпен күтіп алғанын жазды.
Бұл туралы 24kz «Борт№1» Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сербия Президенті әлеуметтік желілердегі парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады.
Сондай-ақ Сербияның достас елдерге құшағы әрдайым ашық әрі бүгінгі кеш соның тағы бір дәлелі екенін атап өтті.