«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды
![«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды](/media/k2/items/cache/e0c00441c0dfd271c5a522e7c396001e_XL.jpg?t=20241129_021726)
Мемлекет басшысының өкімімен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Махсут Курманалиевич Гусейнов «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.