Қ. Тоқаев жергілікті тауар өндірушілердің көрмесіне барды
![Қ. Тоқаев жергілікті тауар өндірушілердің көрмесіне барды](/media/k2/items/cache/9c672cdfc4537fd0bb1529e34cb9f9e3_XL.jpg)
Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін аралады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Көрмеге өндіріс және теміржол саласына арналған жабдықтар, сондай-ақ медициналық қондырғылар мен дәрі-дәрмектер, арнайы киімдер, тұрмыстық химия, сантехника бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың өнімдері қойылған.