Теміржол және су көлігі: жаңа өзгерістер мен реформалар

Теміржол көлігі саласында да бірқатар ауқымды модернизация жоспарланған. 2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады.

«Достық – Мойынты» жобасы бойынша темір жол құрылысы аяқталады, бұл өткізу қабілетін 5 есеге арттырып, тәулігіне 12-60 жұп пойыздың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «Алматы айналма жолы» жобасы жүзеге асады.  «Достық – Бескөл» және «Мойынты – Балқаш» учаскелері де ашылады. Бұл осы аумақта пойыз қозғалысын жақсартады әрі жүк тасымалы мәселелерін шешуге сеп болады.