Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшыларының кеңесі Ресейде өтеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Үкімет басшыларының кеңесі күзде Ресейде өтеді. 

Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың Ресейге сапары барысында мәлім болды. Кездесуде ресейлік тараптың жұмысын Қытайдың ұйымға төрағалығының міндеттері және басымдықтарымен үндестіру мәселелері талқыланды. Күзде өтетін отырыста үш маңызды құжат қабылдануы мүмкін. Олар саяси декларация, Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай мәлімдеме және Ұйымның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы.  Қазір  ұйымға алты мемлекет бақылаушы болуға ұсыныс біл­діріп отыр, тағы сегіз ел әріптес болуға ниетті.

Нұрлан Ермекбаев, ШЫҰ Бас хатшысы:

- Ресей үкіметтің жетекшілерімен, Ресей Президентінің кеңесшімен, Росконгресс деген ұйымының басшысымен және басқа да мемлекеттік органдардың жетекшілерміен кездестім.  Біз ШЫҰ-ның аясында қай бағыттарда өзіміздің күш-жігеріміздің жұмылдырамыз, қай басымдықтарға ерекше назар аудару керек екенін, басқа да міселелер бойынша пікір алмастық.