Президент тапсырмалары «Amanat» партиясының жиынында пысықталды
Жер қойнауын пайдаланушыларға түсінікті әрі ашық заңнамалық негіз құру, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды, энергетика мен ауыл шаруашылығын дамыту.
Мәжіліс депутаттары осы ретте жеделдетін тиісті шаралар қабылдау керек. Бұл елімізге шетел инвестициясын тартып, қосымша жұмыс орындарын құру үшін аса маңызды. Осы жөнінде Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жиынында айтылды. Депутаттар мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру және заңнамалық негізін әзірлеуді талқылады. Президент жүктеген тапсырмалардың дені ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллект, атом энергетикасын дамыту, аграөнеркәсіп кешенін нығайтуға бағытталған. Мәжіліс төрағасы «AMANAT» партиясы жетекші саяси күші ретінде барлық тапсырманы жүзеге асыратын қозғаушы күшке айналуға тиіс екендігін атап өтті. Бұған қоса Ерлан Қошанов әкімдер корпусы атқаратын жұмыстың тиімділігін арттыру мәселесіне баса назар аударды. Депутаттар алдағы уақытқа белгілеген жұмыс жоспарын ортаға салды.
Нартай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Президент қала құрылысын жоспарлаудан бастап нысандарды пайдалануға дейінгі барлық үдерісті толығымен цифрландыру және бірыңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейні құрыду тапсырды. Қазіргі таңда осы салада 5 ақпараттық жүйе жұмыс жасауда. Құрылыс Кодексін қарау барысында бірыңғай ақпараттық жүйесін құру мәселесі уәкілетті оргамен бірлесе қарастырылып тиісті заңнамалық шешімдер қабылданатын болады.