Оралда жас сайлаушылар форумы өтті

Оралда «Сенің дауысың маңызды!» атты облыстық жас сайлаушылардың ІІІ форумы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Шара Дүниежүзілік сайлау күніне арналған. Форумға студенттер, саяси партия өкілдері, волонтерлер – жалпы саны 700-ден астам адам қатысты. 

Жиын жастардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Форумда жастар саясатына қатысты тың жобалар таныстырылып, облыстық жастар мәслихатын құру ұсынысы талқыланды.

Айта кетейік, өңірде 187 мыңға жуық жас буын өкілі бар.

Әділ Жоламанов, БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін халық, яғни сіздер мен біздер тікелей сайлай бастады. Сонымен қатар мынау мәслихат, Парламент Мәжілісі депутаттары да осы тікелей халық сайлауымен жүзеге асырылады. Биылдан бастап дәл осындай сайлау, яғни халықтың тікелей сайлауымен ауданның және қаланың әкімдері де сайланады. Сондықтан осындай маңызды шараға сіздердің бір кісідей қатысқандарыңызды қалаймыз.