Сарапшылар саяси реформалардың нәтижесін қорытындылады

Астанада сарапшылар бас қосып, соңғы үш жылда елде атқарылған саяси реформалардың нәтижесін қорытындылады, деп хабарлайды 24kz.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік басқару, құқықтық жүйе және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған өзгерістерге тоқталды. Сарапшылар пікірінше, соңғы үш жылда елімізде посткеңестік кеңістікте бұрын-соңды болмаған демократиялық реформалар қолға алынды. Оның түпкі мақсаты – демократиялық институттарды нығайту және жаңа саяси дәстүрлерді қалыптастыру. Сонымен қатар отырыста кей нормаларды толықтыру туралы ұсыныстар айтылды.

Алуа Жолдыбалина, ҚСЗИ директорының орынбасары:

- Реформалар басталды. Ауыл әкімдері, аудан әкімдері. Конституциялық сотқа байланысты әртүрлі шаралар. Петиция болсын. Бәрібір. Оның барлығына да біртіндеп толықтырулар, өзгерістер енгізеді. Неге? Өйткені халықтың тарапынан бір ұсыныстар болуы мүмкін. Әкімдердің тарапынан ұсыныстар болуы мүмкін. Сол себепті биылғы үшжылдықтың нәтижесінде бізде қандай осы реформаның нәтижесі бар? Не өзгерту керек? Ары қарай қалай дамимыз? «Қандай бағытта не өзгертеміз?» деген сияқты сауалдарды қоя отырып, сарапшылармен соны талқылаймыз.