Сенаторлар сараланған қосымша құн салығын қолдайды
Қосылған құн салығының мөлшерлемесін бірден ұлғайтып, төлеу шегін төмендету бизнестің «көлеңкелі» тұсын көбейтуі мүмкін.
Сенаторлар осылай дейді. Депутаттардың айтуынша, денсаулық сақтау, білім беру және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда төмен мөлшерлемені қолдану мемлекеттің әлеуметтік мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Әрі бұл мәселені бүге-шігесіне дейін саралап, талдау қажет.
Бекбол Орынбасаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біз мына ставканы көтеру деген мәселе бұл ертеңгі күні бизнес көлеңкеге кетіп қалуы мүмкін. Мысалы, кез келген үй қасындағы дүкен дүңгіршектерді алып қарайық ертеңгі күні салық ставкасы көбейетін болса ол ҚҚС кіру жөніндегі деңгейін 15 млн төмендететін болса бизнес көлеңкеге кетеді деген қауіп бар. Ол тіпті жабылуы деген қауіп бар. Ол деген әлеуметтік экономикаға үлкен әсер етуі мүмкін. Сондықтан біз бұл мәселеде өте сақ болуымыз керек. Президент берген тапсырмасын бірге отырып шешуіміз керек.
Бибігүл Аққожина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біздің сарапшыларымызбен бизнес өкілдерімен депутаттармен қарастырылатын талқыланатын мәселе болады. Сонымен қатар бүгінде осы жұмысты бәріміз басымызды біріктіріп, сарапшылармен кездесіп, бизнес өкілдерімен кездесіп, ақылдасып бірге шешім қабылдайтын күн келді.