Қ.Тоқаев Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды 24kz.
Жеделхатта Литва бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған. Қазақ басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.