Абай облысының активіне жаңа әкім таныстырылды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Абай облысының активіне жаңа әкімді таныстырды. Мәслихат депутаттарының жиналысында өңір басшысы лауазымына екі кандидатты ұсыну туралы Мемлекет басшысының хаты оқылды. Оның бірі Берік Уәли болса, екіншісі – Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиев. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 126 депутаттың 102-сі Берік Уәлидің кандидатурасына дауыс берді.
Болат Әбдіралиевтің кандидатурасын 24 депутат жақтады. Осылайша Президенттің тиісті Жарлығымен Берік Уәли өңір басшысы болып тағайындалды.