Қ. Тоқаев Король II Абдалланы «Алтын қыран» орденімен марапаттады

Сондай-ақ сапар кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнге еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстады. 

Президент марапаттау рәсімінде тараптар арасында берік серіктестік орнағанын, қазақ-иордан байланыстарын нығайтуға Король ІІ Абдалланың елеулі үлес қосқанын атап өтті. Өз кезегінде Иордания басшысы мемлекеттік марапатқа лайық көргені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас қазақ халқына ризашылығын білдірді.