БҰҰ Қазақстанға бітімгерлік миссия үшін жылына $5 млн төлейді
БҰҰ Қазақстанға бітімгерлік миссия үшін жылына 5 млн доллар төлейді.
Әрбір әскери қызметшіге айына 1500 долларға жуық өтемақы береді. Бүгін сенат Қазақстанның бітімгерлеріне арналған өтемақыға қатысты заңды мақұлдады. Құжат бітімгерлер құрамындағы қазақстандық әскери қызметшілердің мәртебесін арттыруды көздейді. Еліміздің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын нығайып, шетелдік бітімгерлермен тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасалады. Cондай-ақ БҰҰ қазақстандық техниканы пайдаланғаны үшін де төлем жасайды.