Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының президенті Румен Радевті Азат ету күнімен құттықтап, осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.