Президент Алматы әуежайында қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматты марапаттауды тапсырды
Мемлекет басшысы Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. Айтуынша, Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.