Қазақстан елшілігі Түркиядағы азаматтарымызға үндеу жариялады
Түркиядағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының осы мемлекеттегі елшілігі Қазақстан азаматтарына халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады, деп хабарлайды 24kz.
Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтап, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға кеңес береді
Түркиядағы жедел желі телефондары:
ҚР Анкарадағы елшілігі: +905352734496
ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465
ҚР Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522
ҚР Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789