Қазақстан мен Словения арасындағы алыс-беріс арта түседі
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың кездесуінде айтылды.
Кездесуде тараптар қос ел Президенттері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін қарады. Сауда саласында Іскерлік кеңестің жұмысына баса назар аударылды. Мәселен тау-кен, мұнай-газ және басқа да салаларда әріптестікті одан әрі дамыту көзделіп отыр. Сондай-ақ көлік-логистика, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту барысы талқыланды. Энергетика, жаңартылатын қуат көздерін дамыту, су ресурстарын басқару саласында берік әріптестік орнайды. Сонымен қатар цифрлық қызметтерді дамыту және жасанды интеллект элементтерін енгізу бойынша бірлескен технологиялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.