Әлім Қирабаев Польшадағы Қазақстан елшісі лауазымынан босатылды

Әлім Қирабаев лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.