Президент мемлекет қайраткері В. Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Вера Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Социалистік еңбек ері Вера Васильевна, ғибратты ғұмырында қатардағы агрономнан бастап Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының міндетін атқарушыға дейінг,  еңбек жолынан өткенін айтты. Ол қазақ даласындағы тың игеруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Вера Васильевнаны адамгершілік және өмірлік ұстанымына берік қасиеттері ерекшелеп тұратын. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде студенттерге көмек көрсетуі, оның шын мәнінде патриот әрі әДілдік үшін күресте тайсалмайтын тұлға екенін дәлелдейді, – деп жазылған жеделхатта.

Цитата: "Вера Васильевна ғибратты ғұмырында қатардағы агрономнан бастап Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының міндетін атқарушыға дейінгі еңбек жолынан өтті. Ол қазақ даласындағы тың игеруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Вера Васильевнаны адамгершілік және өмірлік ұстанымына берік қасиеттері ерекшелеп тұратын".