Президент ғалымдарды жаңа мемлекеттік наградамен марапаттады

Ғылым саласында жаңа мемлекеттік награда пайда болды.

Бүгін бір топ ғалымға Президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағы алғаш рет табысталды. Сондай-ақ жас ғалымдарға баспана кілті берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев сала майталмандарына алғыс айтып, соңғы кезде жарқ еткен ғылыми жаңалықтарға тоқталды. Satbayev University зерттеушілері селен элементін жоғары дәрежеде тазартатын жаңа технология ойлап тапқан. Соның нәтижесінде бір келі селеннің құны 15 есе артып, оны өндіруші компанияға 1 млрд теңгеден аса қосымша пайда түскен. Бұдан бөлек жас академик Сұраған Дүрбітханның да еңбегі ерек. Оның математикалық физика саласындағы ғылыми зерттеулері криптография және мәліметтерді қорғау жүйесінде сәтті қолданылып жатыр.

Алмагүл Кәкімжанова, Ұлттық биотехнология орталығының селекция меңгерушісі:

- Ғылыми салада 35 жыл болды жұмыс істегеніме. Өзімнің жұмысымды сондай жақсы көремін, керемет ғашықпын. Соның бүгін нәтижесін көріп, осындай құрмет алып отырмын.

Бауыржан Базарбай, Satbayev University оқытушысы:

- Үкіметтен баспана алу үлкен қуаныш. Бұндай мүмкіндік әлемнің көп елінде жоқ. Қазір ғылым жолын таңдаған жастар үшін мотивация...