Мұрат Нұртілеу мен Сергей Лавров келіссөз өткізді
Үкімет басшысының орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Алматыға жұмыс сапарымен келген ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Былтыр екі ел арасындағы өзара тауар айналымы 27,8 млрд АҚШ долларына жетті. «Саяси диалогтың жоғары серпінін сақтау және қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті іске асыру Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдың басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшыларының қойған міндеттері негізінде біз осы бағытта жұмыс істеп келеміз», – деп мәлімдеді Мұрат Нұртілеу. Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында екі елдің сыртқы істер министрі 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл қойды.