Президент «Таза Қазақстан» жобасына қатысып жатқан азаматтарға ризашылығын білдірді
«Таза Қазақстан» – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық фестивалде сөз сөйлеп, шараның маңызына тоқталды.
Жалпыұлттық бастамаға алғашқы күннен бастап белсене қатысып жатқан әр азаматқа шын жүректен ризашылығын білдірді. Әсіресе, жалынды әрі дарынды жастар көп екенін атап өтіп, мұны үлгі боларлық іс деп атады. Оған қоса Мемлекет басшысы ретінде әрдайым қолдайтынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің еңбегін де ерекше атап өтті. Оның айтуынша, волонтер болу, ең алдымен, нағыз отаншыл азамат, яғни, патриот болу деген сөз. Мемлекет басшысы экологияны жақсартуға кәсіпорындар мен кәсіпкерлер зор үлес қосып жатқанына тоқталды.