Қ. Тоқаев пен Г. Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.

t.me/aqorda_resmi