Қазақстан бітімгерлік жөніндегі халықаралық келісімге қол қоюға дайын

Еліміз бітімгерлік жөніндегі халықаралық келісімге қол қоюға дайын. Бұл туралы Қазақстанның Қорғаныс министрі мен Пәкістан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен кездесуінде айтылды.

Айта кету керек, бұл соңғы 10 жылдағы осындай деңгейдегі алғашқы кездесу. Тараптар бітімгерлік қызметті, арнайы операциялар күштерін оқытумен қатар екіжақты өзара іс-әрекеттің негізгі бағыттарын талқылады. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Пәкістанның бірқатар әскери салаларда айтарлықтай тәжірибесі барын және Қазақстанның білім мен тәжірибе алмасуды дамытуға мүдделі екенін айтты. Өз кезегінде генерал Сайед Асим Мунир жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Пәкістан тарапы келісілген барлық бағыттар бойынша ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.