Президент: Ұлы Жеңістің 80 жылдығын кең көлемде атап өтеміз
«Қазақстанның майдангерлері мен тыл еңбеккерлері – барша халқымыз Отан үшін отқа түсті». Осылай деген мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы елімізде кең көлемде аталатынын айтты.
Екінші дүниежүзілік соғыс ксенофобия, нәсілдік және ұлттық үстемдікке негізделген, халықаралық құқық қағидаттарын аяқасты ететін саясаттың салдары үлкен қасірет әкелгенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев бірер күн бұрын елді мекендердегі 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімін беруді тапсырған еді. Республикалық ономастикалық комиссия енді жаңа және атауы қайталанатын көшелерге басымдық береді. «Бұл шешім – Ұлы Жеңісті, оған қатысушыларды қаншалықты қадір тұтатынымызды көрсететін маңызды қадам», - деді Президент.