«Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
Алматыда «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің VI кездесуі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстанның Сыртқы сяасат ведомствосының басшылары мен Түрікменстан өкілі қатысты. Тараптар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, қауіп-қатермен бірге күресу және өңірдегі орнықты даму мен экологиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Орталық Азия – Қытай» көпжақты форматын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Жиын соңында Ақпараттық коммюнике қабылданды. Онда «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберінде тату-көршілік, орнықты даму және өзара іс-қимылды тереңдету қағидаттарына ортақ міндеттеме бекітілді.