Астанада халықаралық қатынастар саласының маманы Янь Сюэтун дәріс оқыды

Астанада халықаралық қатынастар саласындағы белгілі сарапшы, Цинхуа университетінің құрметті деканы, профессор Янь Сюэтун дәріс оқыды, деп хабарлайды 24kz.

Шараны Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесі «Qalam» медиа жобасымен бірлесіп ұйымдастырды. Профессор халықаралық қатынастар теориясы аясындағы саяси реализм бағытының бір тармағы саналатын моральдық реализмнің негізгі басымдықтарына тоқталды. Сонымен қатар Янь Сюэтун  дүниежүзіндегі бүгінгі ахуалды қалыптастыратын ірі державалардың стратегияларын мысал етіп, саяси көшбасшылықтың негізгі үлгілерін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанның аймақтық үдерістерде өте маңызды рөл атқаратын орта держава ретіндегі рөліне оң баға берді