Мәжіліс Салық кодексін қабылдады
Мәжіліс Салық кодексі мен оған ілеспе заңды қабылдады.
- Бүгін біз өте маңызды заң — Салық кодексін қабылдадық. Мемлекет басшысы жыл басында Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің негізгі құрылымын айқындап берген болатын — әділ, ашық және болжамды салық заңнанмасын қабылдау туралы нақты міндет қойылған. Бұл бизнес пен азаматтардың қаржылық міндеттемелерін реттейтін жай ғана ережелер жиынтығы емес, жаңа экономикалық саясат жағдайындағы әділдік пен ашықтық кодексі, - деді Ерлан Қошанов.