Мемлекет басшысы вьетнамдық әріптесі То Ламды қарсы алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алды, деп хабарлайды 24kz.
Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған. Қазақстан мен Вьетнам басшылары елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті.