Қазақстан мен Вьетнам келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Ресми делегация мүшелері 8 құжатпен алмасты. Атап айтқанда, екі ел арасындағы технология, инновация, цифрлық трансформация, мәдениет, спорт, ақпарат, геологиялық барлау және тараптардың компаниялары акцияларын сатып алу, сондай-ақ бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандумдар жасалды.