А.Рахматуллин: СІМ консулдық есепте тұрған қазақстандықтармен үнемі байланыста

Қазір Үндістан мен Пәкістанда жүрген отандастарымызға тікелей қауіп жоқ. Бүгін Сенатта өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, ведомство консулдық есепте тұрған азаматтарымызбен тығыз байланыста. Әзірге эвакуациялаудың қажеттілігі жоқ.

Айта кетерлігі, бүгін Air Astana Алматыдан Делиге ұшатын рейстерді тоқтатты. Дегенмен, сыртқы істер министрлігі, әуе компаниясы рейсті ұйымдастыруға мүмкіндік табуы керек деп отыр.