Елге Абу Дабидің Тақ мұрагері келеді

Қазақстанға Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян келеді. Ресми сапармен 11-12 мамыр күндеріне жоспарланған.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Келіссөз барысында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасы талқыланып, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.