Қ. Тоқаев Рим Папасы XIV Левке құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Левті Қазақстан халқының атынан құттықтады.
Жеделхатында "Сізді Киелі Тақ иесі етіп сайлау арқылы Католик шіркеуі халықаралық ахуал күрделі кезеңде бейбітшілік пен тұрақтылықты дәріптеу ісінде маңызды роль атқара беретініне сенімдімін" деген лебіз білдірілген. Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі діни наным өкілдері мекен ететін Қазақстанға Рим Папасы екі мәрте сапармен келгенін айтты. Осылайша халықтар достығын, дінаралық сенім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған ортақ күш-жігерді еліміздің әрқашан қолдайтынын жеткізді.