Қазақстанның бітімгерлік әлеуеті күшейіп келеді
Қазақстанның бітімгерлік әлеуеті күшейіп келеді. Қазір еліміз бітімгерлерді даярлаудың толық циклін жүзеге асыруға қабілетті.
Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының министрлік конференциясында қорғаныс ведомствосының басшысы Руслан Жақсылықов мәлімдеді. Берлиндегі басқосуда бейбіт тұрғындарды қорғау, стратегиялық коммуникация және сарбаздар қауіпсіздігі қаралды. Руслан Жақсылықов Қазақстан Қарулы күштерінің мүмкіндігі мен әлеуеті туралы баяндама жасады. Ол отандық әскерилердің стратегиялық тасымалдау жөніндегі әлеуетін іске қосу туралы бастама көтерді. Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығына осындай мүмкіндіктері бар елдермен авиациямен қатар, әскери-теңіз, Құрлық бағытында байланыс орнатуды ұсынды. Айта кетейік, бұл конференцияның тарихында қазақ тілінде тұңғыш рет БҰҰ-ның ресми тілдерімен тең дәрежеде баяндама жасалды.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
- Қазақстан әскери қызметшілері 6 миссияда өз міндетін орындап жатыр. Қазақстан бітімгерлерді даярлаудың толық циклін дайындауға мүмкіндік алғанын атап өткім келеді. Қазір Қазақстан бітімгерлік операциясы БҰҰ штаб.