Қазақстан Дүниежүзілік сайлау органдарының қауымдастығымен ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Дүниежүзілік сайлау органдарының қауымдастығымен ынтымақтастығын нығайтады.

Астанада ұйымның бас хатшысы Ин-Шик Чжан мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Соның ішінде цифрлық жүйені пайдалану және жалған ақпаратқа жол бермеу бойынша тәжірибе алмасты. Еске сала кетсек, жақында түркі мемлекеттерінің сайлау органдары Түркістанда Консультативтік платформа құру туралы Ережеге қол қойды. Ол құжат өзара сайлау жүйесін бақылап, бірлесе зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермек.

Ин-Шик Чжанг, сайлау органдары дүниежүзілік қауымдастығының бас хатшысы:

- Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы біз үшін түркі әлемінің қақпасы іспеттес. Біз табысты ынтымақтастық үшін ең алдымен заманауи технологиялармен бөлісуіміз керек. Түркі мемлекеттері ұйымының консультативтік платформасы келер ұрпақ үшін маңызды тетік болады деп сенемін.