Алдағы үш жылда агросекторда 600 инвестициялық жоба іске асады

Елімізде шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 80 еліне экспортталады.

Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінде 113 елдің ішінде 32-орында тұр. Алдағы үш жылда салада жалпы құны 4,8 млрд доллардан асатын 600 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл туралы үкімет басшысының БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры Цюй Дунъюймен кездесуінде айтылды. Жиында өткен жылғы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Олжас Бектенов агросектор  ұлттық экономиканың негізгі салаларының бірі екенін атап өтті. Премьер-министр бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп жатқандығымен де бөлісе кетті. Ал БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры біздің  әлеуетті жоғары бағалап, өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.