Президент «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барды

t.me/aqorda_resmi

Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды. 

Мемлекет басшысы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.


t.me/aqorda_resmi