Президент «АЛЖИР» музейін аралап көрді

t.me/aqorda_resmi

Президент «АЛЖИР» музейін аралады. Қасым-Жомарт Тоқаев тоталитарлы жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттар, тұтқындардың жеке заттары, архив материалдарымен танысты.

1938-1953 жылдары мыңдаған әйел төзгісіз жағдайда жазаларын өтеген бұл қасіретті орын бүгінде маңызды жалпыұлттық ескерткіштердің бірі.