Қазақстан мен Нигерия арасындағы ынтымақтастық жайы талқыланды

Премьер-министр Астана халықаралық форумына қатысуға келген Нигерия Федеративтік Республикасы Ифе Королімен кездесті.

Олжас Бектенов пен Оони Адейейе Энитан Огунвуси екі жақты ынтымақтастық жайын қозғады. Атап айтқанда, қаңтардағы «Әбу-Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті аясында Қазақстан мен Нигерия президенттері арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, аграөнеркәсіп, көлік және логистика, энергетика және басқа да салалардағы әріптестік болашағына мән берілді. Аграрлық секторда отандық бидайды Нигерияға жеткізілу келешегі қарастырылды. Орталық дәліз арқылы Қазақстан мен Солтүстік және Батыс Африкағы тауар экспорттау мүмкіндігі айтылды. Кездесу соңында тараптар екі жақты өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту ниетін растады.