Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

2025 жылғы 05 маусым

Президенттер бірін бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды. 

Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.