Шавкат Мирзиёев саммитке қатысу үшін Астанаға келді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевте Қазақстанға «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін келді.

Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 4 млрд 100 млн долларға жеткен. Айта кетейік, Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров пен Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов те Астанаға саммитке келген болатын.