«Орталық Азия – Қытай» екінші саммитінің қорытындысы қандай? LIVE
Қытай тарапы биыл Орталық Азия елдеріне халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік даму жобаларын жүзеге асыру үшін 1,5 миллиард юань көлемінде гранттық көмек көрсетуге дайын.
Тағы алдағы екі жылда адами ресурстарды кәсіби даярлау курстарына қатысу үшін 3000 квота бөледі. Бұл жөнінде бүгін елордада өткен Орталық Азия – Қытай екінші саммиті барысында айтылды.
Жалпы шығыстағы көршімізбен әріптестік аясын қай бағытта тереңдете түсуге болады? Қандай салаларда бірлесе жобаларды жүзеге асырудың әлеуеті зор?