Қ. Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді
23 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Жиынға Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторинг агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады.
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында жазды.