Парламенттің үшінші сессиясы барысында маңызды заң нормалары жаңартылды
Елде үлескерлердің құқын қорғауды күшейтетін заң нормалары қабылданды.
Азаматтарымыз өз қаржысын бұрынғыдай құрылыс компанияларына қолма-қол төлемей, барлық процесс банк арқылы ашық рәсімделеді. Бұл Парламент сессиясы барысында қабылданған маңызды құжаттардың бірі ғана. Осы сияқты Бюджет, Салық кодекстерінің жаңғыртылуы ел экономикасының дамуына серпін береді деген үміт зор. Қос палатаның бірлескен отырысы аясында депутаттар заңнамалық жаңашылдықтардың қоғам үшін маңызы жайында пікірімен бөлісіп, алдағы жұмыс барысында назарға алынатын түйіткілді мәселелерді атап өтті.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Негізсіз пайдаланған дегенді былай түсіндіру керек. Көбіне ойлайды заңсыз пайдаланған сияқты, олай емес. Үкімет Парламентке бекітеді барлық нормаларды. Бірақ Үкімет өздерініңкорретировкасына мысалы ФАП салмаймыз, оның орнына мына ауылда жол жүргіземіз. Біздің түсінігімізде ол негізсіз. Мейлінше уақытында игеру керек. Уақытында уәде еткен объектілерді салу керек. Ал басқа бір ұсыныстар болса резервтен болмаса келесі түсіммен жұмыс істеу керек. Сонда ғана бізде толық баланс болады. Мәжілісте де түсінік болады, Үкіметте де берілген уәделер орындалады.
Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Айтылмай қалған мәселе өте көп. Мысалы, утильсбор мәселесін қолға алу керек. Алдағы уақытта мәжіліс мінберінен қатаң түрде қою керек. одан кейін Бәйтерек, Самұрық қазынаның ролі. Оны да түбегейлі түрде мәжіліс мінберінен қою керек. Аудитті күте тұру керек. Жоғарғы аудиторлық палатаның есебі болады күзде. Егер Бәйтерек пен Самұрық-Қазынаның жұмысы тиімсіз, экономикаға тигізіп жатқан әсері төмен десе, бұл мәселені көтеру керекпіз.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ең күрделі жобалардың бірі Салық кодексі болды. Енді нәтиже болады деп үмітіміз зор. Жалпы біз экономика жайында айтуымыз керек. Мысалы, 2024 жылы біршама көрсеткіштер біз оған мәз емеспіз. Бірақ биылғы жылдың алғашқы 5 ай бойы көрсеткіштер өте жақсы.