Мемлекет басшысы ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада бокстан әлем кубогі кезеңіне қатысушы ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті.
- Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқшан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
@aqorda_resmi