Президент Қорғаныс министріне әскери әлеуетті күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Ведомство басшысы министрліктің жарты жылда атқарған жұмысы жайлы баяндады. Ол армияның жауынгерлік дайындығы; көктемгі әскерге қатарына шақыру нәтижелері; әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімдеді. Өз кезегінде Президент министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.